Жамбылдық шаруа бір гектардан 40 тонна сәбіз жинап жатыр

21 Қазан 2021, 22:16
3092
Бөлісу:
Жамбылдық шаруа бір гектардан 40 тонна сәбіз жинап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл ауданындағы «Тимофеев» шаруа қожалығы сәбіздің әр гектарынан 40 тонна өнім алып жатыр. Жиын-терін жұмыстарына 30-жан астам адам жұмылдырылған.

Жамбыл ауданы әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Самат Жарасбаевтың сөзіне сүйенсек, өңірде 1921 гектарға сәбіз орналастырылса, қазір оның 510 гектары қазылып қапталған. Қоймаға 16 687 тонна өнім тасымалданған.

Сәбізден олжалы болуды жақсы меңгергендердің бірі Гродекова ауылындағы «Тимофеев» шаруа қожалығы.

Шаруа қожалық төрағасы Андрей Тимофеев биыл 40 гектарға сәбіз екенін болатын.

Сәбіз ерекше күтімді қажет етеді. Судан тапшылық көрмеуі керек. Биыл 40 гектарға себілген сәбізіміздің көрінісі ерекше. Екі қадымнан бір қап толтыруға болады. Қазір орташа есеппен алар болсақ, әр гектар 40 тоннадан аса өнім беріп отыр. Егістік басында 30-ға жуық жұмысшы еңбек етуде. Осы апта аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Қоймаға 1600 тонна сәбіз жиналатынына нық сенімдімін, - дейді Андрей Николаевич.



Өзгелердің жаңалығы