Бас жаңалықтар
Жамбылдық театрлар мен музейлер онлайн режимге көшті
28 Наурыз 2020, 06:22 277

Жамбылдық театрлар мен музейлер онлайн режимге көшті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының коронавирустың алдын алу шараларын күшейту бойынша жасаған мәлімдемесіне сай Жамбыл облысындағы мәдениет және өнер мекемелерінде қоғамдық мәдени іс-шаралар уақытша тоқтатылды.

Дегенмен, облыстағы мәдени мекемелер онлайн режимінде әр түрлі бағытта жұмыстарын жалғастырып, әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, zhambylmadeniet.kz) атқарылып жатқан шараларын  жариялауда. Олардың ішінде виртуалды музей, онлайн экскурсиялар, бейне-спектакль, онлайн-концерттер өткізілуде.

Атап айтар болсақ, жуырда жергілікті әнші Жандос Омаров көрерменсіз, қашықтан онлайн телевизиялық форматта концерт берсе,  филармония әншілерінің ән-шашуы, барлық шығармашылық ұжымдардың әртіс, әнші, бишілерінің үй режимінде шығармашылық жұмысы, үйірме жетекшілердің онлайн қабылдаулары ұйымдастырылған.

Сондай-ақ 17 наурыздан бастап Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы "Онлайн кітапхана" режимінде оқырмандарға қызмет көрсетуде.

Ал, облыстық орыс драма театры өз спектакльдерін  бейнежазба арқылы өз көрермендеріне ұсынуда.  Бүгінге дейін Г. Фигейредоның  "Дон Жуан", Д. Фонвизиннің  "Жетесіз жеткіншек" комедияларын, Шыңғыс Айтматовтың шығармалары желісінде сахналанған "Найман ана", "Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет" драмалары  әлеуметтік желі және ютуб каналы арқылы  көпшілік назарына ұсынылған. Бұдан бөлек өзекті тақырыптарда тағылымды бейнероликтер және Наурыз мерекесіне орай алдын ала әзірленген арнайы компазициялық-көріністер жүктелген.

Театр басшысы Ақылдос Тәжиевтің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Айта кету керек, бұл мекемелердің бәрінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, арнайы дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілген.


Фото: дереккөз
Загрузка...