Жамбылдағы жарылыс. Жібек жолы ауылында 150 орындық жаңа мектеп салынады

7 Қыркүйек 2021, 16:19
7669
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс. Жібек жолы ауылында 150 орындық жаңа мектеп салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде жарылыстан зардап шеккен аумақты қалпына келтіру барысы туралы өткен брифингте айтты.

Ерлан Орынбаев әлеуметтік 4 нысан қирағанын айтты.

Оның үшеуі мектеп, біреуі медициналық пункт. Барлығынан көп Жібек жолындағы орта мектеп қираған. «ҚазҚСҒЗИ» 30 тамызда бұл мектеп сейсмикалық ауыр жағдайда тұрғаны туралы шешім қабылданды. Қазір жер учаскесі таңдалды. 150 орындық жаңа мектептің құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр, - деді ол.
Ерлан Орынбаев тағы үш нысан Үшбұлақ, Базарбай ауылындағы мектеп пен медпункт екенін айтты.
Бұл үш нысан 3 күн ішінде толық қалпына келтірілді. Қазір біз ИИДМ-ге өтінім беру үшін құжат дайындалып жатыр. Республикалық бюджеттен қираған нысандарды орнына келтіру бойынша қаржы сұраймыз. Жалпы жұмыс жалғасып жатыр, - деді ол.
Айта кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Жарылыс салдарынан 14 адам қайтыс болды.

Бұған дейін жарылыстан 118 нысан қирағаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы