Жамбылда қазақ-үнді әскери қызметшілерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтуде

2 Қыркүйек 2021, 15:11
4158
Бөлісу:
Жамбылда қазақ-үнді әскери қызметшілерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы «Айша-Бибі» оқу-жаттығу полигонында Қазақстан мен Үндістан әскери қызметшілері арасында «ҚазҮнді-2021» бірлескен оқу-жаттығуы өтуде. 

Оған Қазақстаннан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері және Үндістанның құрама ротаға біріктірілген әскери контингенті қатысуда.

Жамбылда қазақ-үнді әскери қызметшілерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтуде

Бірінші кезеңде жеке құрам жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтіру іс-қимылдарын пысықтады. Халықаралық бөлімшелердің әскери қызметшілері дағдарыс ауданына марш жасады. Қазіргі уақытта межелі жерде роталық тактикалық құрама топ бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіруді орындады.

Оқу-жаттығу шеңберінде қосымша бөлімшенің әскери қызметшілері барлау-іздестіру және рейдтік іс-қимылдар жүргізеді. Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінде БҰҰ-ның мандатына сәйкес дағдарыс аймағында заңсыз қаруланған топтарды оқшаулау және жою жоспарланған.

Жамбылда қазақ-үнді әскери қызметшілерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтуде

«ҚазҮнді-2021» бірлескен оқу-жаттығуы Қазақстан мен Үндістан қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспары шеңберінде өткізілуде. Ол ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде аяқталады.

Оқу-жаттығу санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы арқылы өтуде. Оған қатысушылар барлық қажетті карантиндік іс-шарадан, медициналық тексерістен өтіп, ПТР-тест тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы