Бас жаңалықтар
Жамбылдық полицейлер  жаяу патрульдеу тәртібіне көшуде
22 Мамыр 2019, 21:58 403

Жамбылдық полицейлер жаяу патрульдеу тәртібіне көшуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауы бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті жаяу патрульдеу режиміне көшті. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің айтуынша, бүгіннен бастап облыстың Полиция департаменті жаяу патрульдеу тәртібіне қылмыстың алдын алу мен ескертудің, сондай-ақ көшелерде және қоғамдық орындарда құқық бұзушылық деректеріне жедел әрекет етудің ең тиімді әдістерінің бірі ретінде баса назар аударатын болады. 

Жаяу патрульдеу тәртіп сақшыларына оқиғаның белгілерін және жай-күйін дер кезінде бағдарлауға, адамдармен тікелей байланыста болуға және қажет болған жағдайда жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта Тараз қаласының патрульдік полиция батальоны жеке құрамының 35-40 пайызға жуығы жаяу қызмет атқару түріне көшірілді. Сонымен қатар, осындай жұмыс түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің қосымша күштері де тартылған.

Загрузка...

Сізден жаңалық