Жамбыл облыстық сотында "Адалдық дүкені" ашылды

31 Мамыр 2019, 14:08
2388
Бөлісу:
Жамбыл облыстық сотында "Адалдық дүкені" ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облыстық соты ғимаратында сатушысы жоқ дүкен ашылды. Дүкеннен  зат алғысы келгендер ашық кассаға ақшасын қалдырып, өзіне қажеттісін алады, қайтарым ақшаны да өздері санап алады.

"Жобаның мақсаты – қоғамда сенімділік ахуалын құру. Мұндай жобаларды енгізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммуниетті қалыптастыруға, жоғары моральдық  қаситеттерді, атап айтқанда имандылық пен адалдықты тәрбиелеуге тікелей ықпал етеді", - делінген таратылған ақпаратта.

Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов дүкен  сатып алушының әдептілігін сынайтын жалғыз бақылаушы болып табылатындықтан, бір нәрсе сатып алғысы келген әркімнің ар-ожданының сынағы болып табылады деген пікірін білдірді.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүкен ойдағыдай жұмыс істесе, өңірдегі қалалық соттарда да осы тектес дүкендер ашылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы