Бас жаңалықтар
Жалағашта екі білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді
01 Шілде 2020, 08:54 82

Жалағашта екі білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы аясында Жалағаш ауданына 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Мақсат – жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту.

Ауданның елді мекендерінде 18 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның 14-і аудан орталығында жүзеге асырылады.
Аудан бойынша 682 жұмыс орны құрылып, оның 343 жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар қабылданған.

"Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы аясында биыл ауданда Аққыр ауылдық округіндегі №188 орта мектеп пен Мақпалкөл ауылдық округіндегі Ә.Оңалбеков атындағы №117 білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді. Ол үшін жұмыссыз ретінде тіркелген 35-тен аса азамат жұмысқа қабылданады.

Сондай-ақ, аудандық спорт және дене шынықтыру бөліміне қарасты Наркескен спорт клубы мен М.Шәменов елді мекеніндегі спорт алаңы қайта жөндеуден өтеді.

Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты Ақсу елді мекеніне кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолы жарықтандырылады. Сонымен қатар, "Самара-Шымкент-Таң" мен "Самара-Шымкент-Жосалы-Жалағаш-Қаракеткен" автожолдары орташа жөндеу өтеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...