Жақсы дәрігер болу үшін студент кезден ауруханада жұмыс істеу керек – Біртанов

15 Ақпан 2019, 16:31
2890
Бөлісу:
Жақсы дәрігер болу үшін студент кезден ауруханада жұмыс істеу керек – Біртанов

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада өтіп жатқан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысында медициналық білім беру саласы туралы айтылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі үш жылдан бері медициналық білім беру ұйымдары мен шетелдік халықаралық медициналық университеттермен стратегиялық қарым-қатынас бағдарламасы басталғанын айтты.

"Әр университеттің өз стратегиялық бағдарламалары бар. Көптеген мамандар шетелден білім алуда. Шетелде жұмыс істеп жүрген дәрігерлер де бар. Назарбаев университетінде 170-тен астам менеджер және білім беру мамандары оқып шықты. Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасы бойынша медициналық білім беру саласын дамыту үшін практикалық білім беру саласын нығайтып жатырмыз", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Осыған байланысты біздің еліміздегі Алматы, Қарағанды және Семей қалаларында 7 ғылыми зерттеу институты бар.

"Өткен жылы Елбасы, биыл Премьер-министр тапсырма беріп, жергілікті ауруханалар мен емханаларды университеттерге беру бойынша ұсыныстар дайындап жатырмыз. Бұл өте маңызды нәрсе. Жақсы дәрігер болу үшін ол студент кезінен бастап ауруханада жұмыс істеу керек. Білім беретін мамандар теориялық білім ғана бермей, өздері де ота жасауға қатысу қажет. Осы мәселені жергілікті мекемелерге жеткізуіміз керек. Бұл халықаралық деңгейде бар тәжірибе, сондықтан мұны қолға алуымыз керек", - деді Елжан Біртанов.

Айта кетейік, еліміздің бас дәрігері медициналық қызмет сапасын жақсарту, сондай-ақ дәрігерлердің жалақысы ең жоғары болуы керектігін мәлімдеді.

 Зарина Әбілмәжінова

Өзгелердің жаңалығы