Жаңажылдық демалыс күндері 39 кісі өлтіру дерегі тіркелді – ІІМ

8 Қаңтар 2019, 15:19
2020
Бөлісу:
Жаңажылдық демалыс күндері 39 кісі өлтіру дерегі тіркелді – ІІМ

Астана, baq.kz тілшісі.  Елімізде жаңажылдық демалыс күндері 39 адам өлтіру дерегі тіркелген.  Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша,  елімізде 2019 жылдың жеті күнінде 5 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген.

«Оның 39-ы қасақа адам өлтіру, 46-ы адам денсаулығына ауыр зиян келтіру. Аталған қылмыстардың басым бөлігі тұрмыстық жағдайда таныстар мен туыстардың арасында арақ ішу кезінде жасалды. Қылмыстардың басым бөлігі жедел түрде ашылды», - деді Жанат Сүлейменов.

Осы орайда ішкі істер министрінің бірінші орынбасары жедел түрде адам өлтіру дерегінің 30-ы, қасақана адам өміріне зиян келтірудің 40 дерегі ашылғанын атап өтті.

  Ішкі істер министрінің өкілі жаңажылдық демалыс күндері полиция мен ұлттық ұлан қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істегенін атап өтті.

Дәурен ЕРБОЛАТ

Өзгелердің жаңалығы