Жұмыссыздар сұранысқа ие мамандықтарды игеруде

17 Қаңтар 2019, 15:52
2029
Бөлісу:
Жұмыссыздар сұранысқа ие мамандықтарды игеруде

Астана, BAQ.KZ. Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астананың жұмыспен қамту орталығы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқу курстарымен 733 адамды қамтыды, деп жазады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Курстар мобильдік қосымшаларды әзірлеуші, киберқауіпсіздік саласындағы маманы, анимация және видеографика, тігінші, дәнекерлеуші, кран машинисі (краншы), мастер-шаштараз, тігінші, электромонтер, лифтер, бақылаушы-кассир, наубайшы, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі, әкімші, слесарь-сантехник, аспаз, сауда менеджері, маникюр шебері, массажист, кондитер, автоэлектрик, слесарь КИПиА, "Д" санатты жүргізуші, әлсіз ток жүйелерінің шебері, автокөлікті жөндеуші слесарь сияқты мамандықтар бойынша ұйымдастырылды.

«Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға қыркүйек айында 1050 адам түсті. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 100 АЕК-ге дейін 77 мемлекеттік грант берілген», - деп мәлімдеді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінде.

Басқарманың мәліметіне қарағанда, биылғы Жастар жылы аясында жастарды жұмысқа орналастыруға жоғары көңіл бөлінеді. Жастар үшін мамандықтар жәрмеңкелері өткізіліп, оларға жастар тәжірибесінен өту жолдамасы, мамандық бойынша нақты бағыт берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы