Бас жаңалықтар
Зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығы қалай алынады?
26 Ақпан 2021, 16:02 484

Зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығы қалай алынады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті зейнетақы төлемдеріне салық салу жөнінде азаматтардан келіп түсіп жатқан өтініштер мен сұрауларға байланысты, қосарланған салық салу туралы алаңдауға негіз бар ма, осыған түсіндірме берді.

Агенттер (жұмыс берушілер) жеке тұлғалардан ұстап қалған міндетті зейнетақы жарналарына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды, дәл осындай тәртіп міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына да қатысты. Зейнетақы жарналарының сомасын ұстап қалу кезінде ЖТС салынбауына байланысты зейнетақы жинақтарының сомасына төлеген кезде бір рет қана салық салынады, тиісінше қосарланған салық салуға жол берілмейді,  - деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетінде екінші тәсілмен төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібіне қатысты да айтты. Бұл тәсіл БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша (зейнетақы аудару басталған келесі айдан бастап) 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен ЖТС ұстап қалуды көздейді.

Толықтай түсіну үшін бұл тәсілді мысал ретінде қарастыруды ұсынылған. 

Мысал келтірейік:

салымшының ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының сомасы = 8 500 000 теңге, жеткіліктілік шегі = 3 500 000 теңге,

біржолғы зейнетақы төлемі = 5 000 000 теңге (8 500 000 -3 500 000),

есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10%= 500 000 теңге,

біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі кіріс сомасы = 5 000 000 теңге,

ЖТС зейнетақыдан келесідей түрде ұсталады:

Есептелген ЖТС сомасы 16 жылға, яғни 192 айға бөлінеді.

Сонымен, 500000/192 = 2604теңге – ай сайын зейнетақыдан кейінге қалдырылған ЖТС сомасы ұсталатын болады.

Егер жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге немесе зейнетақы жинақтарының сомаларын сақтандыру ұйымдарына аударуға шешім қабылдаса, онда кейінге қалдырылған жеке табыс салығының сомасы толық біржолғы төлеммен ұсталатын болады. Егер жеке тұлға қайтыс болса – осы жеке тұлғаның мұрагерлерінен мұраға қалған зейнетақы жинақтарынан, кейінге қалдырылған жеке табыс салығының сомасы бір рет ұсталатын болады, - деп толықтырды ҚР ҚМ МКК-нің баспасөз қызметінде.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...