Shenzhen турнирі: Зарина Дияс ширек финалдың І сетінде жеңілді

9 Қаңтар 2020, 10:07
2365
Бөлісу:
Shenzhen турнирі: Зарина Дияс ширек финалдың І сетінде жеңілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Shenzhen Longgang Tennis Center 1/4 финал өтіп жатыр.

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында қазақстандық теннисші испаниялық спортшы Гарбинье Мугурусамен ширек финалда ойнап жатыр. Әзірге бірінші сет аяқталды. Онда Зарина Дияс 4:6 есебімен жеңіліп қалды. 

Зарина Дияс қазір әлемдік рейтингте 75-орында, ал испаниялық теннисші Мугуруса 35-орында тұр.
Еске сала кетсек, 5 қаңтарда Зарина Дияс Гонконгта өткен ITF сериясындағы турнирдің финалында қытайлық теннисші Чжу Линді 6:4, 7:5 есебімен жеңді.
Өзгелердің жаңалығы