Ұшақ апаты: Зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек

27 Желтоқсан 2019, 10:43
5326
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы маңындағы әуе апатынан ауыр жараланғандарға қан керек. Бұл туралы президенттің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин хабарлады.

Құрметті алматылықтар! Ұшақтың құлауына байланысты барлық қан топтарының донорларына шұғыл көмек қажет!, - деп жазды Аружан Саин Facebook-тегі парақшасында. 

Алматы қаласындағы қан құю орталығының мекенжайы:

 Бұқар жырау 47, тел: 274-31-99
 Алматы облысы бойынша қан құю орталығының мекенжайы: Қаскелең, ст. Абылай хан, 42. Телефон: +7 (72771) 2 28 04.

 Донорлар ауруға шалдыққан немесе ауыратындар болмауы керек:
 1. гепатит;
 2. бруцеллез;
 3. мерез;
 4. жүрек аурулары, бронх демікпесі, есірткіні тұтынушылар, АҚТҚ жұқтырған, созылмалы алкоголизммен ауыратындар.

 Донор болуға жарайтынын мына сайттан көре алады. 

Айта кетейік, 27 желтоқсанда сағат 07:05-те Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 2100 рейсімен ұшып шыққан Bek Air әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлады. Бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Ресми дерек бойынша 14 адам қаза тапқаны айтылды. Ауруханаға 24 адам жеткізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтты

Сонымен қатар, ұшақ апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланды. 

Жеке кәсіпкер Бауыржан Самен бастаған үш адам бүгін апат болған ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласына ұшулары керек болған, алайда жұмыстары бітпей олар қалып қойыпты.

Өзгелердің жаңалығы