Бас жаңалықтар
Қызылордалық зілтеміршілер Қазақстан спартакиадасының жүлдесін жеңіп алды
14 Тамыз 2019, 01:28 287

Қызылордалық зілтеміршілер Қазақстан спартакиадасының жүлдесін жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүбірлі бəсекеде қызылордалық зілтеміршілер табысты өнер көрсетіп, 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль иеленді. Бұл туралы Қызылода қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

102 келі салмақта бақ сынасқан Илья Ильин жұлқа көтеруде 170, серпе көтеруде 200 келіні еңсеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 370 келіні бағындырды.Сонымен қатар, 109 келіде Александр Зайчиков 339 (153+186) келіні көтерді. Сөйтіп жерлестеріміз Қазақстан спартакиадасының алтын жүлдесін жеңіп алды. Ал, 61 келіде Азамат Төлеген (106+135=341) күміс жүлдені еншілесе, 76 келіде Динара Қыпшақбай (80+101=181), +76 келіде Айсамал Сансызбаева (99+130=229) жəне 96 келіде Рахат Бекболат (142+170=312) қола жүлдеге қол жеткізді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...