Қызылордада жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапқа тартылуда

2 Сәуір 2020, 19:30
1502
Бөлісу:
Қызылордада жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапқа тартылуда

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясына байланысты қауесет таратып, елді дүрліктіргендер қылмыстық жауапқа тартылуда. 

Жалған ақпаратпен көпшіліктің көңілін алаңдатқан арандатушылар Сырдария, Қазалы, Арал, Жаңақорған аудандарынан табылды.

Қазалы ауданы әкімі баспасөз қызметінің өкілі Жеңісбек Айымқұловтың мәлімдеуінше, полицейлер жалған хабар таратып елді шулатқан Әйтеке би кентінің тұрғынын ұстады.

Ауданға қарасты Жанқожа батыр ауылында коронавирус инфекциясын жұқтырған бір адам анықталды, тұрғындары еді мекеннен қашып жатыр, індетке шалдыққан адам қалшылдап ауыруда" деген жалған ақпарат тарады. Оны WhatsApp арқылы жіберген адамды аудандық полиция бөлімінің мамандары анықтап отыр. Ол Әйтеке би кентінде тұрады. Қазіргі кезде оның үстінен Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігі бойынша жауапқа iс қозғалуда, - деді ол.

Дәл осындай жағдай Сырдария ауданында да қайталанды. Сырдария аудандық прокуратурасының мәліметінше, Қалжан ахун елді мекенінің тұрғыны "коронавирус жұқтырды" деп 28 наурыз күні "Whatsapp" мессенджері арқылы жалған хабар жіберген адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жұмыстары жүруде.

Сонымен бірге, Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Гүлжаһан Қайырбергенованың хабарлауынша, төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқан тағы екі адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Полицияға «WhatsAрр» меccенджері apқылы «Клaccтаcтаp» чaтына «Кopoнавиpyc деген біздің Бeкбayылдaн шығыпты, Apалғa aлып келіп жатыp» дeп ayдиожазбаны белгiсiз әйeл aдaм тapaтып жaтқаны туpaлы хабapлaма келiп түскeн. Eкiншi дepeк бoйыншa «WhatsApp» жeлici apқылы «Aғайындap» чaтынa нaқты aты-жөнiн aйтып, ayыpмaғaн ayдан тұpғыны туралы "коронавиpyc аypyымен ayыpып, аyылдa еpкiн жүp" деген аудиожазбаны бeлгiciз ep адам таpaтып жaтқаны туралы арыз келіп түскен. Бұл арыздар бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүрді. Нәтижесінде қауесет таратқан Қызылopда облысы Apaл аyдaнының тұpғыны 33 жаcтағы әйeл мeн Жаңақopған ayдaнының тұpғыны 50 жастағы ep адам aнықталды, - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі.

Оның айтуынша, ұсталған күдіктілер өз әрекетін толық мойындады және өкінетінін айтқан. Олардың үстінен Қылмыстық кодексінің 274 бабы 4-бөлігіне сәйкес, төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпapaт таратқаны үшін іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына жалған ақпарат таратудың соңы қылмыстық іске ұласып кететінін хабарлап, түсіндіруде.

Өзгелердің жаңалығы