Юрий Юрков Олимпиада ойындарына жолдама алды

11 Қараша 2019, 08:29
4444
Бөлісу:
Юрий Юрков Олимпиада ойындарына жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дохада нысана көздеу бойынша Азия чемпионатында үш позициядан (50 метр) шағын калибрлі мылтықтан ату бойынша ерлер арасындағы жарыс аяқталды. Қазақстандық Юрий Юрков аталған санат бойынша Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.

Азия біріншілігінде алтыншы орын алған Юрий Юрков Токио Олимпиадасының жолдамасын иеленді. Олимпиадалық квалификация ережесіне сәйкес, құрлықтық біріншілікте 3 жолдама сарапқа салынды. Жолдамаға ие болу үшін үздік үштік қатарынан көріну керек болатын.

Азия чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларда Олимпиадаға жолдама болғандықтан, лицензия автоматты түрде алтыншы орынға дейінгі спортшыларға үлестірілді.

Осылайша, Юрий Юрков #teamKZ қоржынына 23-жолдаманы салды.



Өзгелердің жаңалығы