Қытай елшілігі өрттен зардап шеккен елордалықтарға 4 млн теңгеге төсек-орын алып берді

10 Наурыз 2020, 12:25
2015
Бөлісу:
Қытай елшілігі өрттен зардап шеккен елордалықтарға 4 млн теңгеге төсек-орын алып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі «Көктал-2» тұрғын үй кешенінде өрттен зардап шеккендерге көмектесті.

Елорданың "Көктал-2" тұрғын үй кешенінде 9 наурыз күні болған өртті естіген Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігінің дипломаттары көмек көрсету мақсатында оқиға орнына барды. 

комек 2.jpg

Дипломаттар өрттен зардап шеккендерге ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоның атынан демеу сөздерін жеткізді. Материалдық көмек ретінде жалпы сомасы 4 млн теңге болатын 30 плед жеткізді. Сонымен қатар, зардап шеккендердің сауығып кетуі мен үйлерінің қалпына келтіруін тіледі. 

комек 1.jpg

Қиын жағдайда қалған елордалық тұрғындар елшілікке алғысын білдіріп, алғаш болып көмек көрсеткендері үшін ризашылығын жеткізді.
ҚХР елшілігі алдағы уақытта да гуманитарлық көмек көрсететінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы