Қытай археологтары 2,5 мың жыл болған жұмыртқа тауып алды

27 Наурыз 2019, 19:12
1618
Бөлісу:
Қытай  археологтары 2,5  мың  жыл  болған  жұмыртқа тауып  алды

Алматы, BAQ.KZ. Лиян қаласы маңындағы зиратта қазба жұмыстарын жүргізген Нанкин тарихи музей жанындағы археология институтының мамандары жасы шамамен 2500 жыл болатын жұмыртқа салынған сауытты тапқан.

Қазба жұмыстарына қатысқан Чжоу Хэнминнің айтуынша, табылған сауытқа арнайы рентген аппаратымен сарптама жасалған. Ондағы жұмыртқалардың біреуі ғана бүлінген, қалғаны – бүтін. Алайда ішіндегі ақуыз баяғыда кеуіп қалған.

Қытай археологтары мұндай жұмыртқаны бұған дейін де тапқан, дегенмен олардың барлығы бүлінген болатын. Тек 2015 жылы Гуйчжоу провинциясында 2 мың жыл бұрынғы бүлінбенен бір жұмыртқа табылған. Оны арнайы қылқаламмен тазалау кезінде ол күлге айналып, жоқ болған.

Нанкин музейі археологтарының пайымдауынша, Лиян қалашығындағы зиратта жұмыртқаны жақсы көретін адам жерленген болуы мүмкін. Яғни, өлген адамды сүйіп жейтін асымен қосып жерлеген. Әрі қытайлықтар жұмыртқаны жаңа өмірдің бастауы деп санайды.

Өзгелердің жаңалығы