Бас жаңалықтар
«Яндекс» үй жануарларын іздейтін сервисті іске қосты
10 Сәуiр 2019, 21:16 595

«Яндекс» үй жануарларын іздейтін сервисті іске қосты

Алматы, BAQ.KZ. «Яндекс» пен Purina компаниялары бірігіп үй жануарларын іздеуге арналған сервисті іске қосты. Бұл туралы Яндекс технологиялық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Үй жануарын жоғалтып немесе тауып алған адам yandex.ru/petfinder сілтемесіне кіріп хабарландыру бере алады.

Ол жерде жануардың белгілерін көрсетуге және фотоларын салуға, өз телефон нөмірі мен электрондық поштасын көрсетуге және қай ауданнан тауып алғандығы туралы мағлұмат бере алады.

Хабарлама алдымен тексерістен өтеді. Кейін «Яндекс» сайтына жарияланады, сондай-ақ хабарламада көрсетілген аудан тұрғындарына жарнама ретінде көрсетіліп отырады.

«Аталған сервис Екатеринбург қаласында тестілі режимде іске қосылды. Жақын арада Мәскеуде, Новосибирскіде, Самара, Твер және Ресейдің өзге де қалаларында пайда болады», - делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...