Карантин қайта енгізілсе, жұмыссыздарға берілетін төлем артуы мүмкін

24 Қыркүйек 2020, 10:48
2292
Бөлісу:
Карантин қайта енгізілсе, жұмыссыздарға берілетін төлем артуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілісте онлайн өткен үкімет сағаты кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов баяндады.

Егер карантин қайта енгізілсе, оның әсері жұмыскерлердің босатылуы мен табыстарының азаюына алып келуі мүмкін. Сондықтан шұғыл және жүйелі шаралар қабылдауға дайын болуымыз қажет. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» жалғастырып, инфрақұрылымдық жобалар арқылы жұмыс орындарын сақтау және құру шаралары. Еңбек бағдарламасы шеңберінде субсидиялардың жұмыс орындарын көбейту, толық емес немесе қысқартылған жұмыспен қамтуға көшкен жағдайда ең төменгі жалақы мөлшерінде жалақының бір бөлігін өтеу немесе субсидиялау тетігін енгізу. Карантин кезінде жұмыссыздар үшін жұмыстарынан айырылу бойынша төлемдер мен кезеңдерін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуді жоспарлап отырмыз. Енгізуіміз мүмкін, - деді министр өз баяндамасында.

Нұрымбетов ұзақ мерзімді әсері болатын шараларды да дайындап жатқандарын айтты. Ол «Еңбек» бағдарламасының сапалы жұмыс орындарын құру, сондай-ақ ауылдық кәсіпкерлікті кепілсіз несиелеу және өнімдерін кепілді сатып алу тетіктерін енгізу арқылы қолдауға бағыттау.

Жыл сайын қазіргідей 400 мың емес, 700 мың жаңа жұмыс орнын құруымыз қажет. Соны қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарын құрудың өңірлік карталарын жасап, оларды мемлекеттік бағдарламалардың барлық жобаларын және ірі жеке инвестициялық жобаларды қоса отырып, аумақтарды дамыту бағдарламаларының компоненті ретінде енгізу. Бұл өз кезегінде барлық мемлекеттік бағдарламада жұмыс орындары индикаторларының өзектендіру және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жұмыс орындарын құру үшін жауапкершілігін арттыруды қажет етеді, - деп атап өтті Біржан Нұрымбетов үкімет сағатында.
Министр статистикалық есепте құрылатын жұмыс орындарының мониторингін қамтамасыз ететін тиісті жүйені енгізу, еңбек ресурстарының дағдыларын дамыту үшін қысқа мерзімді оқытуды нақты дағдыларға бағдарланатын жаңа моделін енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеп жатқанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы