WhatsApp кейбір телефонда жұмыс істемейтін болды

2 Қаңтар 2019, 16:25
2600
Бөлісу:
WhatsApp кейбір телефонда жұмыс істемейтін болды

Алматы, baq.kz. WhatsApp мессенджері жақын уақытта кейбір телефонда жұмыс істемейтін болды. Бұл туралы мессенджердің ресми сайтында хабарланды.

Хабарламада жазылғандай Nokia S40 операциалық жүйесіндегі телефон иелері 2018 жылдың 31 желтоқсанынан бастап аталған мессенджерді пайдалану мүмкіндігінен айырылған.
2019 жылдың 1 ақпанынан бастап мұндай өзгеріс Android 2.3.7 мен iOS 7 операциалық жүйесіндегі телефондарға да енгізілді. 
Сондай-ақ хабарламада компания бұл операциалық жүйелер үшін жаңа өңдеу жасамайтындықтан, кейбір қызмет түрлері жұмысын кез келген уақытта тоқтатуы мүмкін екендігі де айтылған.
Өзгелердің жаңалығы