Волейболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының логотипі бекітілді

16 Желтоқсан 2020, 05:24
2431
Бөлісу:
Волейболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының логотипі бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) 2022 жылы Ресейде өтетін ерлер арасындағы әлем чемпионатының логотипін таныстырды, деп жазды Olympic.kz. 

Волейболдан әлем чемпионаты біздің спорттағы ең мәртебелі жарыс. Ұйымдастырушылармен бірге турнирге дайындықтың жоғары өтіп жатқанына қуаныштымыз. Әлем чемпионатының логотипінде волейболда кездесетін күш пен жеңіске құштарлық ерекше көрініс тапқан. Бұл бірегей комбинация 2022 жылғы әлем чемпионатының брендін қалыптастырып, әлемдегі миллиондаған жанкүйерді рухтандырады, – дейді FIVB президенті Ариа Граса Фильо.

Айта кетелік, волейболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты 2022 жылдың 26 тамызы мен 11 қыркүйегі аралығында Ресейдің он қаласында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы