Бас жаңалықтар
Вокзал ішіне қолында билеті бар жолаушылар ғана кіре алады
01 Маусым 2020, 14:24 213

Вокзал ішіне қолында билеті бар жолаушылар ғана кіре алады

Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылдың 1 маусымынан бастап карантин шараларының бәсеңдеуіне байланысты  қалааралық жол қатынастары жанданады, соның ішінде пойыздар жүре бастайды. 

Қала әкімдігі билеттерді сату 15 мамырдан қолға алынғанын хабарлаған. Сондықтан Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары жұмыстарын бастады.
 
Айта кетерлігі, коронавирус пандемиясы жағдайында "Алматыэлектротранс" ЖШС санитарлық қауіпсіздіктің барлық шараларын қатаң сақтайды. Көліктегі санитарлық нормалардың барлығы сақталады. Вокзалға кіреберісте тепловизордың көмегімен жолаушылардың температурасы өлшенеді. Вокзалға толықтай санитайзерлер орнатылған, қызметкерлер маскамен және қолғаппен жұмыс істейді, кесте бойынша дезинфекциялық заттармен нысан іші мұқият  өңделеді. Вокзал ішінде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер мен қоршаулар қойылған,-делінген хабарламада. 

Енді қауіпсіздік ережелері бойынша вокзал ішіне тек қолындағы билетімен жолаушылар ғана кіре алады, шығарып салушылар ішке жіберілмейді.
Билет сататын кассалар кесте бойынша таңғы сағат 9.00 ден 24.00-ге дейін жұмыс жасайды. Билет алуға ниет білдірген жандар үшін кіретін жеке есік қарастырылған. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін болашақ жолаушылар төрт адамнан жіберіледі,-делінген хабарламада.



Фото: дереккөз
Загрузка...