Вице-министр бөлшек салықтың арнайы режимі туралы айтты

24 Тамыз 2021, 17:09
1097
Бөлісу:
Вице-министр бөлшек салықтың арнайы режимі туралы айтты

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

1 қаңтардан бастап зардап шеккен салаларда алынған табыстың 3% мөлшерлемесімен бөлшек салықтың жаңа арнайы режимі енгізілді. Бұл жүктемені азайтады және салықтарды есептеу мен төлеу тәртібін жеңілдетеді, шығыстардың күрделі есебін жүргізу талап етілмейді. ҚҚС төлеушілер болып табылмайды, - деді ол. 

Тимур Жақсылықов айтқандай, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейін зардап шеккен салаларда еңбекақы төлеу қорынан салықтарды төлеу кейінге қалдырылғанын айтты. 

Бұл шараны 925 мың жұмысшыдан 137 мыңға жуық бизнес субъектісі пайдаланды. 1 шілдеден бастап жаңадан құрылған өндірістік компаниялар үшін 70% мөлшерінде ҚҚС бойынша қосымша есепке алу құқығы берілді, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне ұсынылған қорғау құралдарының құны ЖТС-тен босатылды, - деді ол. 

Жақсылықовтың айтуынша, келесі жылдан бастап бизнесті жаңа негізгі қорларға қайта инвестициялауға пайдаланылатын табысқа КТС-тен босату жөніндегі шаралар көзделген. 

Бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету, оңтайлы және тиімді реттегіш жүйені қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдері қалыптастырылуда, - деді ол. 

Еске салсақ, ШОБ аясында 109 мыңнан астам жұмыс орны ашылғаны мәлім болды.

Өзгелердің жаңалығы