Валерий Дударев: Отарбаевтың өзі – үлкен әдебиет

20 Қазан 2019, 13:15
2933
Бөлісу:
Валерий Дударев: Отарбаевтың өзі – үлкен әдебиет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың 63 жылдығына орай, елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жазушының "И был я подобием твоим" және "Плач Чингисхана" кітаптарының тұсаукесері өтті. Кітаптар Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қолдауымен Мәскеудегі "Восточный экспресс" баспасынан шыққан.

Презентацияға белгілі ақын-жазушылар, театр және әдебиет сыншылары, қоғам, мәдени қайраткерлер және мәдениетті дамыту мәселесін қарастыратын жергілікті мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

IMG-20191018-WA0076.jpg

"Өкінішке қарай, Рахымжан өмірден ерте озды, жұлдыздай ағып өтті, бірақ артына тамаша дүниелер, өшпес із қалдырды. Ең алдымен ол – керемет драматург, мықты прозаик", - деп есептейді белгілі режиссер Талғат Теменов.

Атыраудағы "Махамбет" атындағы Академиялық драма театрының директоры Берік Жәменовтің айтуынша, "Рахымжан аға тыңдаушысын аузына қарата білген өте шешен адам болды. Оның жазушылық таланты да бір бөлек еді, өз оқырманын қалай ұйытудың жолын білетін. Ол шешен сөйлеу мен шебер жазудың құпия кілтін тапқан талант иесі еді. Драматургияда көп жетістікке жетті, қазақ театр өнерінің дамуына да көп үлес қосты".

Рахымжан Отарбаев шығармалары қазақстандық қана емес, ресейлік әдебиеттанушылардың жоғары бағасын алды.  

IMG-20191018-WA0071.jpg

"Художественная литература" баспасының бас редакторы, ресейлік жазушы, сыншы Георгий Пряхин «Шыңғысханның көз жасын» «шығыстық қана емес, бүкіл посткеңестік прозаның шыңдарының бірі» деп санайды. «Юность» журналының бас редакторы, ақын Валерий Дударев: «Рахымжан Отарбаевтың өзі – үлкен әдебиет», - дейді.

Автордың жекелеген шығармалары бұрын түрік, араб, қытай, неміс, ағылшын, әзірбайжан тілдеріне аударылған. "Сұлтан Бейбарыс", "Бас", "Нашақор жайлы новелла", "Нұржауған-ғұмыр", "Сырым батыр", "Мұстафа Шоқай" және басқа ондаған шығармалары театрларда сахналанған.

Өзгелердің жаңалығы