Вакцина алмаған қызметкерлер қашықтан жұмыс істейтін болады

1 Мамыр 2021, 02:20
1693
Бөлісу:
Вакцина алмаған қызметкерлер қашықтан жұмыс істейтін болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вацина алмаған немесе соңғы 6 айда коронавируспен ауырмаған мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялар мен кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмысқа ауыстырылады.

Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысында айтылған. 

CОVID-19-ға қарсы вакцина алмаған және соңғы 6 ай ішінде CОVID-19-мен ауырмаған қызметкерлер міндеттерін орындау қашықтан форматта мүмкін болмайтын қызметкерлерді қоспағанда, қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады, – деп жазылған құжатта. 
Қаулы 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.


Өзгелердің жаңалығы