Ұзартылған екі аптаға 42 500 теңгенің жартысы төленеді

30 Шілде 2020, 18:00
3491
Бөлісу:
Ұзартылған екі аптаға 42 500 теңгенің жартысы төленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұзартылған екі аптаға 42 500 теңгенің жартысы беріледі. 

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бар. Екі аптаға карантин созылды. Төлем беріледі. Бірақ 42 500 теңгенің жартысы 21 250 теңге төленеді, - деді Тоғжанов. 

Ол атап өткендей, 17 тамыздан бастап санитарлық талаптарды сақтаған барлық нысан жұмысқа кіріседі. 

17 тамыз санитарлық талаптарға сай келетін нысандар жұмысқа кіріседі. Алдағы екі апта осы ашылу шарасына дайындық жүргізіледі, - деді ол.
Тоғжанов 21 250 теңгені қалай алуға болатынын айтты.

Бүгінде 2,1 млн адам біржолғы төлемді проактивті түрде алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өтініш жасауға болады. Алған азаматтар тағы да проактивті түрде ұзартса болады, - деді ол.
 Айта кетейік, елімізде бірінші кезеңде іске қосылатын кәсіпорындар тізімі жасалды. Әр нысан бойынша санитарлық режимнің жеке шаралары әзірленеді.
Өзгелердің жаңалығы