Бас жаңалықтар
Қуыршақ театрында Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған жаңа қойылым сахналанды
18 Қыркүйек 2020, 13:45 139

Қуыршақ театрында Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған жаңа қойылым сахналанды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрында Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойы мен қала күніне орай «Өмір - Өзен» музыкалық театрландырылған қойылымы саxналанды. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Әртістер жастар арасындағы іңкәр сезімді суреттеп, өмірдің сан түрлі кезеңдерін әсем ән мен би арқылы шебер жеткізе білген. Көрермен лирикаға толы әсерлі қойылымды 30  қыркүйекте театрдың YouTube арнасынан тамашалай алады. Спектакль режиссері сазгер әндері арқылы көпшілікке махаббат, сүйіспеншілік, отаншылдық, рухшылдық сынды ізгі қасиеттерді насихаттағысы келгенін айтады.

Қойылымның мақсаты – біздің жас көрермендеріміз Шәмшіні әндерін тыңдап, үлгі алса екен дейміз. Шәмшінің әндері бүкіл қазақтың қанында бар десек те болады. Қала күніне және Шәмшінің 90-жылдығына арнап жасалған қойылым, – дейді қойылым режиссері Еркебұлан Қабдыл.


Фото: дереккөз
Загрузка...