Үшінші exit poll-дың нәтижесі шықты

11 Қаңтар 2021, 01:36
2446
Бөлісу:
Үшінші exit poll-дың нәтижесі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана-Зертеу» қоғамдық қоры Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутататын сайлау күні exit poll жүргізді. Қоғамдық қор интервьюерлері дауыс беріп болған азаматтардан сайлау учаскесінің шыға берісінде жауап алды. 

Қатысушылар сауалнамадағы дайын қысқа сұрақтарға жауап берді.

Оның нәтижелері мынадай:

«Nur Otan» партиясы - 73,75 пайыз;
«Ақ жол» партиясы - 10,13 пайыз;
Қазақстан Халық партиясы - 8,17 пайыз;
«Ауыл» партиясы - 4,8 пайыз;
«Адал» партиясы - 3,15.

Сауалнама еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы 170 сайлау учаскесінде күні бойы жүргізілді. Интервьюерлер 102 қалалық және 68 ауылдық жерлерде жұмыс істеді. Барлығы 34 мың сайлаушыға сұрау салынды. Қателік коэффициенті 1,2% құрайды.

 

Еске сала кетейік, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген exit poll қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын иелсе, «Демократия инстуты» жүргізген еxit poll нәтижесінде «Nur Otan» сайлаушылардың 72% дауысын иеленген. 

Өзгелердің жаңалығы