ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Қазақстанның үндеуін бірауыздан қолдады – Тоқаев
10 Қаңтар, 13:42 335

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Қазақстанның үндеуін бірауыздан қолдады – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында мәлімдеді.

Шынына келгенде, бұл ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әлеуеті мүше мемлекеттердің бірінің қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тұтастығын қамтамасыз ету үшін бірінші рет іске қосылды. Біз үшін тек әскерилер ғана емес, ең алдымен ҰҚШҰ серіктестерінің моральдық қолдауы маңызды. Ұйымға мүше мемлекеттердің барлығы бірге әрекет етіп, Қазақстанның үндеуін бірауыздан қолдады, - деді Президент.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қайғымызға ортақтасып жатқан адамдарға және ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась пен штабтың ұжымына алғыс айтқанын жазған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...