Үндістаннан келгендер қандай жағдайда да карантинге жатқызылады

4 Мамыр 2021, 10:02
6438
Бөлісу:
Үндістаннан келгендер қандай жағдайда да карантинге жатқызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үндістаннан ұшып келгендер бірден 14 күндік карантинге жатқызылады. Тіпті ПТР тестінің теріс болуына да қарамайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Алексей Цой айтты.

Үндістанда күн сайын 400 мыңға дейін коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, жаңа штаммның орын алуына жол бермеу шаралары қабылданды. Соңғы 14 күн ішінде Үндістанға барған, одан кейін Қазақстанға оралған, оның ішінде үшінші елдер арқылы келген азаматтар да ПТР және вакцинация әдісімен COVID-19 анықтамасының бар-жоғына қарамастан, 14 күнге үйде оқшаулануға жатады, - дейді Алексей Цой.

Қазақстанға, оның ішінде үшінші елдер арқылы келетін және соңғы 14 күн ішінде Үндістанға барған адамдар, олардың ПОВР-COVID-19 сертификатына және COVID-19-ға қарсы вакцинациясына қарамастан, үйде 14 күн оқшаулауға жатады.

Үндістан коронавируспен ауыру деңгейі бойынша әлемде екінші орында тұр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, елде COVID-19 індетімен ауырғандардың саны 20 миллионнан асқан. Оның ішінде 16,2 миллионнан астам адам сауығып кетті, 219 мың адам қайтыс болды.

Айта кетейік, Үндістанда ауырғандардың санының өсуі ақпан айының ортасынан бастап жалғасуда.

Бұған дейін Цой Маминге эпидемиологиялық жағдайды баяндаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы