Ұлытау ауданында ТЖ режимі жарияланды – Қасымбек

5 Шілде 2021, 09:00
3723
Бөлісу:
Ұлытау ауданында ТЖ режимі жарияланды – Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қарағанды облысындағы орман өрті салдарынан өкінішке қарай, адам шығыны болып, жас жігіттің денесі табылды. Тиісті тергеу шаралары жүргізілуде.  

Бұл туралы облыс басшысы Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Қазіргі уақытта облыс бойынша 17 табиғи өрт ошағы бақылауға алынды. Оқиға орнында тәулік бойы 70 бірлік техника, ТЖД 350-ден астам қызметкері мен еріктілер жұмыс істеуде. Сондай-ақ орын алған 15 өрттің 10-ы жойылды. Қазір 2 дала өрті және 5 өрт ошағы бақылауға алынған, - деп жазды ол.

Табиғи өрт ошақтарын сөндіруді жедел ұйымдастыру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмыс жасауда. Өрт сөндіру шараларын менің орынбасарым С.Ж.Шайдаров басқарады.

Өзгелердің жаңалығы