Ұлыбритания COVID-19-ға қарсы дәрі жасай бастады

21 Сәуір 2021, 15:33
1306
Бөлісу:
Ұлыбритания COVID-19-ға қарсы дәрі жасай бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы елдің премьер-министрі Борис Джонсон айтты, деп жазады BBC News.

Ұлыбритания COVID-19 дертін үйде емдеу үшін таблетка немесе капсула жасай бастады. Премьер-министрдің айтуынша, олар күзге қарай пайда болады және болуы мүмкін үшінші толқынмен күресуге көмектеседі.

Қазіргі уақытта жаңа препараттың жұмысын және болашақ сынақтарын бақылау үшін мақсатты топ құрылуда.

Джонсон теледидарлық брифингте жаңа жұмыс тобын ұсынған кезде, ол шет мемлекеттерде вирус жұқтыру жағдайларының көбейіп келе жатқанын және пандемияның жаңа толқынының пайда болу ықтималдығы бар екенін мойындады.

Біз өзге де аурулармен өмір сүріп келе жатқанымыздай, бұл індетпен де мүмкіндігінше өмір сүруді үйренуіміз керек, - деді ол.

Джонсонның пікірінше, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер вакцинациямен, соның ішінде үдеткіш екпелермен және жаппай сынақтармен бірге үшінші қорғаныс әдісі болуы мүмкін.
Өзгелердің жаңалығы