Ұлттық кеңестің 9 мүшесі Мәжілістің жаңартылған құрамына енді

14 Қаңтар 2021, 16:23
1952
Бөлісу:
Ұлттық кеңестің 9 мүшесі Мәжілістің жаңартылған құрамына енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

ҚР Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындысы бойынша үш саяси партия өтті. Бұған дейін Ұлттық кеңестің бірқатар мүшесі сайлауға қатысқан партия атынан партиялық тізімге енгізілген болатын. Партияішілік іріктеу нәтижесінде Мәжіліс депутаты мандатын «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан Дания Еспаева мен Иса Қазыбек, ал ҚХП-дан Жамбыл Ахметбеков иеленді, - деп жазды ол.
Оның айтуынша, Мәжілістің жаңартылған құрамына Ұлттық кеңестің 9 мүшесі кірген.

Өз кезегінде Nur Otan партиясы атынан Берік Әбдіғалиұлы, Қанат Нұров, Ерлан Саиров, Айдос Сарым, Бақытбек Смағұл және Бекболат Тілеухан жаңа Мәжіліске енді. Осылайша Мәжілістің жаңартылған құрамына Ұлттық кеңестің 9 мүшесі кірді. Бұл Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің тиімділігін және оның елдегі қоғамдық-саяси процестерде маңызды рөлін айқындайды, - деп атап өтті Қарин.

Айта кетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен құрылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы