Бас жаңалықтар
Ұлттық кеңес бір жыл ішінде толық қалыптасты – Президент
22 Қазан 2020, 12:06 545

Ұлттық кеңес бір жыл ішінде толық қалыптасты – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында айтты.

Бүгінгі айтылған ұсыныстар өзекті, тиімді. Ұсыныстардың басым көпшілігін жаңа жыл барысында жүзеге асырамыз. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғанына бір жылдан асты. Осы аралықта кеңес толық қалыптасты. Оның қажеттілігіне бәріміз көз жеткіздік, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді инстуционалды құрылымға айналғанын айтты. 

Кеңес мүшелері еліміз үшін маңызды шешімдер әзірлеп, солардың жүзеге асуына күш салуда. Өткізілген үш отырыстың барлығы да пайдалы болғаны сөзсіз. Кеңестің жұмысы шетелдік сарапшылардың қызығушылығын туғызды. Пандемияға қарамастан кеңесте өзекті, маңызды мәселелер тұрақты түрде талқыланып келеді. Оған министрлер де атсалысуда. Жалпы сіздердің арқаларыңызда бірнеше маңызды бастама жүзеге асты, - деп атап өтті Президент.

Сонымен қатар, мемлекеттік саясаттың түрлі салаларын реформалауға қатысты жаңа ұсыныстар дайындалуда. 

Кеңестің барлық мүшесіне және мүшеліктен шыққан азаматтарға да жемісті жұмыстары үшін алғыс айтамын. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғам өкілдері мен сарапшылардың жабық клубы емес. Бұл ұдайы жаңарып отыратын ашық диалог алаңы. Мұнда түрлі ұстаным мен көзқарас тұрғысынан сан алуан пікірлер айтылады. Ротацияның негізгі мақсаты да осы, - деді Президент.

Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//