Украинада ұлы Абайға арналған ескерткіш ашылды

24 Қазан 2021, 17:32
3802
Бөлісу:
Украинада ұлы Абайға арналған ескерткіш ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада үш елдің кемеңгерлеріне арналған ескерткіш ашылды. 

Хакім бабамыз Абай Құнанбайұлы, украиндық философ - Григорий Сковорода, әзірбайжандық ағартушы - Мирза Фатали Ахундов енді бір тұғырда тұр. Харьков қаласындағы ойшылдар саябағы үш ел арасындағы достық қатынастың символына айналып отыр.

Әлеуметтік желіде қала тұрғындарының жазуына сүйенсек, үш ойшылдың тұрғызылған мүсін арқылы жобалаушылар осылайша Қазақстан, Украина мен Әзірбайжан елінің ғұламаларына құрметтерін білдіргісі келген. Ал ескерткіштің артында үш мемлекеттің туы көтерілген.

Ескерткіштің авторы – мүсінші Сейфаддин Гурбанов болып табылады. Ол бұған дейін «Харьковтың жеті кереметі», Людмила Гурченкоға арналған мүсіндерді жасаған.

Жобаның жалғыз әрі бас меценаты Қазақстанның Харьковтағы Құрметті консулы Эмин Наджафли болды.

Әзірлеушілер сондай-ақ Инстаграм әлеуметтік желісіне арнап ойшылдарды «тірілткен» фильтрлер әзірлеп шығарыпты.

Өзгелердің жаңалығы