Бас жаңалықтар
Уханьда 98 қазақстандық студент өз еркімен қалып қойған
24 Қаңтар 2020, 17:15 115

Уханьда 98 қазақстандық студент өз еркімен қалып қойған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирустың ошағына айналған Ухань қаласында 230 қазақстандық студент тіркелген. Бүгінгі таңда қалада 98 қазақ студенты өз еркімен қалып отыр. Ал, қалғандары демалыстың басталуына орай Қазақстанға және басқа да үшінші елдерге кетіп қалған. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 

Бүгінгі брифинг барысында Айбек Смадияров жалпы Қытай аумағында 10 мыңнан астам студент бар екені және соның 1 мыңнан ғана астамы консулдық есепке тұрғанын айтты. Яғни, консулдық есепке тұрмағандар дипломаттардың жұмысын қиындатып отыр. 
Уханьда 98 студенттен басқа тағы да қазақстандықтар студенттер болу мүмкін. Қытайда білім алып жатқан студенттердің барлығына мессенджер арқылы ақпарат таратылды. "Біз білмедік, біз естіген жоқпыз" деген ол жалған ақпарат. Бірақ, бір өкінішті жағдай, жалпы Қытайдың аумағында 10 мыңнан астам студент бар. Соның 1 мыңнан ғана астамы консулдық есепке тұрған. Қалғандары консулдық есепке тұрмаған. Әрине, бұл біздің дипломаттардың жұмысын қиындатып отыр. Оларды таба алмай қаламыз, - деді СІМ ресми өкілі. 

Спикердің айтуынша, 98 адам өз еркімен қалып қойған. Біреуі жұмыс істейді, біреуі емтиханға дайындалады, ал біреуі қайтқысы келмеген.
Біздің дипломаттар Уханьдағы барлық студенттермен байланыс орнатты. Танымал мессенджерлер арқылы біздің студенттер Ухань қаласында да, Қытайдың өзге қалаларында да қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды қабылдау қажет сақтық шаралар мен тәртіп, ережелері туралы хабардар етілген. Біздің студенттер тұратын жоғарғы оқу орындарының басшыларымен тікелей жұмыс байланыстары орнатылды. Қытай үкіметі өзекті ақпарат алмасу мен азаматтарымызды іздестіруге барынша көмек көрсетуде,- деп атап өтті Айбек Смадияров. 
Өздеріңізге мәлім, Ухань қаласы мен Хубэй провинциясына және оған жақын қалаларда карантин режимі енгізілді.



Фото: автордан
Загрузка...