Бас жаңалықтар
ТЖМ өкілі адамдардың суға кетіп, қайтыс болуының негізгі себептерін атады
16 Қыркүйек 2021, 16:24 375

ТЖМ өкілі адамдардың суға кетіп, қайтыс болуының негізгі себептерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы Қанат Тұрысбаев хабарлады. 

Оның айтуынша, адамдардың суға кетіп, қайтыс болуының негізгі себептерінің бірі – өз күшін жете бағаламау болып табылатын көрінеді.

Адамдардың қайтыс болуының негізгі себептері өз күштерін жете бағаламау – 141 жағдай, мас күйінде шомылу – 65 жағдай, су айдынына құлау – 57 жағдай, жүзе алмау – 30 жағдай, балық аулау кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу – 12 жағдай, суға батып жатқан адамдарды құтқару кезінде - 12 жағдай және жүзу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу – 7 жағдай, - деп атап өтті басқарма басшысы.
Биыл құтқарушылар суға кету жайттарының алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 32 850 балаға жүзу дағдыларын үйреткен. Қалалық жағажайларда шомылуға арналған қауіпсіз балалар жағажайлары жабдықталыпты.

ТЖМ өкілі судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес берді.

Суға шомылу маусымының аяқталуына қарамастан, құтқарушылар су айдындарында адамдардың өлімінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты жалғастыруда. Өйткені күзгі кезеңнің басталуымен аң аулау және балық аулау маусымы басталады, - деді Қанат Тұрысбаев.
Айта кететін жайт, бұған дейін биыл елімізде 300-ден астам адам суға кетіп қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...