ТЖД қызметкерлері көпбалалы отбасылардың терезелеріне блокираторлар орнатуда

12 Маусым 2020, 11:04
1988
Бөлісу:
ТЖД қызметкерлері көпбалалы отбасылардың терезелеріне блокираторлар орнатуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері көпбалалы отбасылардың терезелеріне блокираторлар орнатуда. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Біз балалардың қауіпсіздігі үшін" акциясын іске қосты. Оның мақсаты төтенше жағдайларда балалардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу және балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу. Аталған акция аясында ТЖД қызметкерлері көп балалы отбасыларға терезелерді ашу блокираторлары орнатылуда, осындай акцияның бірі Алматы  блысының Алакөл ауданында да өтті, арнайы қорғау құрылғыларын орнатып қана қоймай, ата-аналарға өзінің таныстарына осындай құрылғылардың бар екендігі мен тиімділігі туралы кеңес беру ұсынылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, акция барысында көпқабатты үйлерде тұратын тұрғындар арасында биіктіктен құлау сақтық шаралары туралы жаднамалар беру және желімдеу арқылы тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Алматы облысы ТЖД балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін сақтау қажет тәртіп ережелерін еске салады:

- терезелерді ашық қалдырмаңыз;

- терезені тиісті қорғаусыз маса торларын пайдаланбаңыз, себебі бала алдында қандай да бір кедергіні көріп, оған сенімді түрде сүйеніп, салдарынан тіпті бір жастағы баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін;

- баланың терезеге шықпауы үшін жиһазды терезенің жанына қоймаңыз;

- баланы қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында;

- балаларға төсекке немесе терезелерге жақын орналасқан басқа жиһазға секіруге жол бермеңіз.

Өзгелердің жаңалығы