Әлемдегі ең үлкен түрме жабылатын болды

18 Қазан 2019, 11:05
5849
Бөлісу:
Әлемдегі ең үлкен түрме жабылатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Нью-Йорк штатында үкімет басындағылар Райкерс аралында орналасқан әлемдегі ең үлкен түзету мекемесін жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ABC News хабарлады.

Қалалық кеңес түрме кешенінің орнына Манхэттен, Бруклин, Бронкс және Куинсте кішігірім түрмелер салу туралы ұсыныстарын білдірді. Райкерс толығымен 2026 жылы жабылуы мүмкін. 

Қалалық кеңестің спикері, демократ Кори Джонсонның айтуынша, Райкерс түрмесі қатыгездік пен қаталдықтың символы саналады. Ол жаппай абақтыға отырғызу саясатының сәтсіз екенін және бұл жүйенің көзін жою үшін қолынан келгенін жасайтынын айтты.

Сотталғандарды басқа түрмелерге орналастыру жоспарын жүзеге асыру үшін 8 млрд доллар кетуі ықтимал. 

Үкімет өкілдерінің сөзінше, Райкерс түрмесінің жабылуына сотталғандар санының азаюы және қылмыс деңгейінің төмендеуі себеп болады. Сондай-ақ, прокурорлардың марихуананы сақтау туралы ұсақ қылмыстарға назар аудармауымен байланыстырады. 

Кеңес мүшесі Даниэль Дромм Райкерсте қаза болған сотталғандар туралы айтты. Ол түрмеде үш жыл отырып, 22 жасында өзіне қол жұмсаған Калиф Браудерді және трансгендер әйел Лайлин Поланконы есіне алды. Поланко 2018 жылдың маусым айында өз камерасында өлі күйінде табылған болатын.


Өзгелердің жаңалығы