Түркияда үш күнге коменданттық сағат енгізілді

22 Сәуір 2021, 16:23
1610
Бөлісу:
Түркияда үш күнге коменданттық сағат енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия билігі коронавирус жағдайларының көбеюіне байланысты жұмадан бастап жексенбіге дейін толық коменданттық сағат енгізді. 

23 сәуір мемлекеттік мереке – Ұлттық тәуелсіздік күні және Балалар күні болғандықтан, көшеге шығуға шектеу 22 сәуірде сағат 19:00-де басталып, 26 сәуірде 05:00-де аяқталады, - делінген құжатта. 

Азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға, дәрігерлерге бару үшін және иттерді серуендету үшін сағат 10:00 мен 17:00 аралығында үйден шығуға рұқсат етіледі.


Өзгелердің жаңалығы