Түркияда 56 адам астан уланып ауруханаға түсті

20 Шілде 2019, 12:26
1792
Бөлісу:
Түркияда 56 адам астан уланып ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Эрзинджан қаласында 56 адам, астан уланды деген қауіппен ауруханаға жеткізілді.

Ауруханаға жатқызғандардың ішінде 21 бала бар. Бұл туралы Cumhuriyet газеті жазады, деп хабарлайды life.ru.

Басылымның хабарлауынша, қонақтарды әскерге шығарып салу салтанатына шақырған. Содан кейін жедел жәрдемге «бас айналу, жүрек айну және жоғары температура бар» деп хабарласқандар көбейген. Зардап шеккендер ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Өзгелердің жаңалығы