Иран АҚШ-тың теңіз блокадасына қарсы тұруға дайын

Тегеран АҚШ-тың әрекетін әскери агрессия деп санайды және оған қарсы өзін-өзі қорғаудың кез келген тәсілін қолдануға құқылы.

 depositphotos.com 24 Қараша 2026, 00:30
24 Қараша 2026, 00:30
48
Фото: depositphotos.com

Иран АҚШ-тың теңіз блокадасына қарсы барлық мүмкіндігін пайдаланатынын мәлімдеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

Оның айтуынша, Тегеран АҚШ-тың әрекетін әскери агрессия деп санайды және оған қарсы өзін-өзі қорғаудың кез келген тәсілін қолдануға құқылы.

АҚШ Иран мұнайының экспортына қатысты теңіз блокадасын 13 сәуірде енгізіп, маусымда уақытша алып тастаған. Алайда келіссөздер нәтижесіз аяқталған соң, шектеу 14 шілдеде қайта күшіне енді.

Багаи Иран кемелерінің мұнай тиеп жатқаны туралы ақпаратты алыпсатарлық деп атады. Reuters дерегінше, блокада салдарынан соңғы айларда Иран мұнайының байқалатын экспорты нөлге дейін қысқарған.

Тегеран Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын АҚШ әскери әрекеттерді тоқтатып, блокада мен санкцияларды алып тастаған жағдайда ғана толық қалпына келтіруге дайын екенін жеткізді.

Наверх