Түркістандағы жаңа театрда “Бөрте” спектаклі қойылды

10 Қазан 2021, 17:24
3999
Бөлісу:
Түркістандағы жаңа театрда “Бөрте” спектаклі қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда белгілі жазушы Дулат Исабековтың пьесасына қойылған "Бөрте" спектаклі өтті. 

Қойылымға арқау болып отырған Бөрте – әлем тарихындағы бірегей тұлға, дүниені дүр сілкіндірген ұлы қолбасшы Шыңғысханның жан жары. Қазақ хандығын әйгілі Алтын Орданың ізін басқан мұрагері санасақ, оның негізін қалаған Жошы ханның анасы – осы Бөрте ханым. Осынау ғажайып тұлғаның өмірін өзек еткен бұл қойылым тарихи астары терең, тәрбиелік мәні зор туынды ретінде көрермендердің көңілінен шығып, өрісті болатынына сенімдімін. 

Кез келген қаланың мәні мен мазмұнын арттыратын, интеллектуалдық деңгейін өсіретін сала – мәдениет, білім ошақтары мен көрнекті орындар. Осыған орай «Nur Otan» партиясының Түркістан қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында туристік нысандар мен киелі орындарды дамыту, Күлтөбе қалашығын қалпына келтіру, көрнекті тұлғалары мен тарихи мұраларын танымал ету секілді көптеген жобаларды іске асыруға ықпал ету көзделген. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан музыкалық драма театры, «Ұлы дала» орталығы, «Farab» кітапханасы, Этноауыл, «Керуен-сарай» туристік кешені және т.б. іске қосылған.

Өзгелердің жаңалығы