Түркістанда ретро-айтыс өтеді

5 Желтоқсан 2021, 09:26
1499
Бөлісу:
Түркістанда ретро-айтыс өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығына және «Құрмет» орденінің иегері, «Мәдениет саласының үздігі» айтыскер ақын Маржан Есжанованың 50 жас мерейтойына арналған «Маржан-жыр» атты республикалық ретро айтысы өтеді.

Кеш жүргізушісі ақын, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

Айтысқа Әсия Беркенова, Серік Құсанбаев, Шорабек Айдаров, Мелс Қосымбаев, Аманжол Әлтаев, Алтынкүл Қасымбекова, Күмісай Сәрсенбаева, Әбілқайыр Сыздықов, Бекарыс Шойбеков, Бөрібай Оразымбетов, Ақмарал Леубаева, Кәрима Оралова, Анар Жаппарқұлова, Мұхтар Ниязов, Сара Тоқтамысова қатарлы ақындар қатысады.

Өзгелердің жаңалығы