Бас жаңалықтар
Түркістан облысында браконьерлер ұсталды
11 Қазан 2021, 10:04 281

Түркістан облысында браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден қоян мен қызыл кітапқа енген қарақұйрықтың етін (ұшасын) тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облыстық ПД ЖПҚ табиғатты қорғау инспекторлары Арыс ауданы аумағында браконьерліктің кезекті дерегін анықтады. Яғни жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Жиделі ауылының маңында жабайы аңдарды заңсыз аулаған күдіктілерді ұстады. Олар бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған Арыс ауданының екі тұрғыны болып шықты. Анықтай келе, күдіктілердің кешкі сағат 22:20-да жайылымдардың бірінде Қызыл кітапқа енген жабайы қоян мен қарақұйрықты атып өлтіргені белгілі болды.

Тексеру кезінде полицейлер күдіктілерден ауланған жануарлардың етін (ұшасын), сондай-ақ тіркелмеген 16 калибрлі аңшы мылтығы мен бір жарықшам тәркіледі. Браконьерлер аудандық полиция бөліміне толық мән-жайды одан әрі тексеру үшін жеткізілді.

Бұл жайт Арыс АПБ-де ҚК 337-бабы 4-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



Фото: дереккөз
Загрузка...