Тұрғын үйді басқарудың 1735 жаңа нысаны құрылды

23 Ақпан 2021, 12:42
1697
Бөлісу:
Тұрғын үйді басқарудың 1735 жаңа нысаны құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев КПТҮ-ді басқарудың жаңа нысандарына көшу тәртібін түсіндіру туралы өткен ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде айтты. 

Әділет министрлігінің деректеріне сәйкес, биылғы 22 ақпандағы жағдайы бойынша 1735 жаңа басқару нысаны құрылды. Оның басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында болып отыр. Басқарудың жаңа нысандарын құру пайызының төмендігі жиналыстарды өткізуді шектейтін карантин шараларымен байланысты. Тұрғын үй қатынастар саласындағы өзгерістер көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы тұрғындардың шағымдары тарапынан болды, - деді ол. 

Дауылбаев атап өткендей, олардың басым бөлігі тқтыну кооперативтеріне қатысты болды. 

Сондықтан пәтерлердің тұрғын емес үй жайларының қаражаттың жұмсалуы ашықтығын қамтамасыз ету үшін өз үйінде өз иелерінің мүлкін немесе жай серіктестер құру қажет екенін түсіну маңызды. Бұл ретте басқарудың ескі нысаны 2022 жылғы 1 шілдеге дейін өз қызметін жалғастыратынын атап өткен жөн. Осы мерзім аяқталған соң ескі басқару нысандары заңға сәйкес бұзылады, - деді Дауылбаев. 

Оның айтуынша, бұл ретте нысандардың жаңа басқару нысанына өтуі қиындық тудырмайды. 

Мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестер құру заңда және нормативтік-құқықтарда  қарастырылған. Бұл ретте басқарудың жаңа нысандарына өту қиындық тудырмайды. Ең бастысы – тұрғы үйдің иелері белсенділік танытып, жиналыс ұйымдастырып, қандай басқару жүйесін таңдайтынын таңдауы керек, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы