Екі студентке "Тұғырыл хан" атындағы стипендия тағайындалды

20 Желтоқсан 2019, 15:53
4123
Бөлісу:
Екі студентке "Тұғырыл хан" атындағы стипендия тағайындалды
Фото: автордан

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің Тарих факультетінде оқитын екі студентке стипендия тағайындалды. 

Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" және "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бойынша Көкшетауда өтіп жатқан "Отан тарихындағы тұлғалардың рөлі" атты республикалық ғылыми-теориялық конференция барысында "Тұғырыл хан - Он хан" корпоративтік қоры осындай шешім қабылдады. 

Қор басшысы Асылхан Игібаевтың айтуына қарағанда бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. 

Бұл бізге артылған үлкен сенімнің белгісі. Алдағы уақытта да ел тарихына, ата-бабамыздың аманатына адалдық танытып, терең зерттеу жасайтын боламыз,  - дейді Тұғырыл хан атындағы стипендия иегері, 3-курс студенті Анар Жолдасова. 

WhatsApp Image 2019-12-20 at 15.52.23.jpeg

Аталған стипендияны осы оқу орнының 2-курс студенті Райымбек Көшербаев та иеленді.

Стипендия көлемі - 30 мың теңге.

Өзгелердің жаңалығы