Цой бастаған министрлік басшылары тұмауға қарсы екпе алады

11 Қыркүйек 2020, 16:43
2722
Бөлісу:
Цой бастаған министрлік басшылары тұмауға қарсы екпе алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

Тұмауға қарсы вакцинация мерзімінен 2 апта бұрын басталды. Енді екпенің қандай да бір антидене қалыптастыруға (коронавирусқа қарсы) көрсеткіші бола ма? – деп журналист ОКҚ-дегі спикерлерге сауал жолдады.

Вирусқа қарсы егудің науқаны басталғаны туралы айттық. Тұмау мен коронавирустың клиникалық өзгерістері ұқсас. Дегенмен, бір ауруды ажыратып алмай тұрып, басқа бір аурумен емдеуді бастасақ, ауруды асқындырып аламыз. Сондықтанда егудің ең басты тиімділігі сіздің грипп вирусымен ауырмауыңызға кепілдік береді. Ауырған күннің өзінде өте жеңіл жағдайда өтеді. Ары қарай асқынуға жол берілмейді. Мысалы, екі инфекция, екі жұқпалы ауру, яғни COVID-19 бен грипп қатар келетін болса, оны дер кезінде анықтап, лаборатиялық зерттеу қатар жүргізілуі керек. Ол ауруларды толық анықтап алмай, ауруды емдеуді бастай алмаймыз. Сол үшін де алдын ала егу арқылы өзімізді тұмауға қалқан қойып алғанымыз денсаулығымыз үшін пайдалы, - деп жауап берді Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов.

Сұраққа қосымша министрліктің ресми өкілі жауап берді.

15 қыркүйекте науқан басталғанда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзі бастаған бір топ министрліктің басшыларымен Нұр-Сұлтандағы емхананың біріне барып, екпені алады. Біз де сөйтеміз, - деп толықтырды Бағдат Қожахметов брифингте.

Өзгелердің жаңалығы