Цирктегі қойылым кезінде аю қожайынына шабуыл жасады

24 Қазан 2019, 10:52
3593
Бөлісу:
Цирктегі қойылым кезінде аю қожайынына шабуыл жасады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карелия республикасының Олонец қаласында цирк қойылымы кезінде аю өз үйретушісіне тап берді, деп хабарлады "Пятый канал".

23 қазан күні кешке болған оқыс оқиғаның видеосы Желіде тарап кетті. 


"Кадрларда үйретушінің айтқандарын екі етпей орындап жүрген аюды байқауға болады. Кейіннен жабайы жануар аяқ астынан ер адамды тарпа бас салып, жерге құлатады. Цирктің екінші қызметшісі дереу жүгіріп келіп, жыртқыш аңды аяғымен тепкілей бастайды. Алайда, жануар оның бұл әрекетіне назар аудармайды", - делінген хабарламада.
Видео авторының мәліметінше, оқыс оқиға орын алса да, цирктегі шоу жалғаса берген. Әйелдің айтуынша, ер адам аман-есен. Дегенмен, оның қандай жарақат алғаны белгісіз. Цирк көшпелі болған.


Өзгелердің жаңалығы